02.06.2020, 22:52
Оқиғалар
Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды
Олардың екеуі ер адам, біреуі 1935 жылы туған қарт әйел
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда тағы үш өлімнің тіркелгенін хабарлайды.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды. Олар 1956 жылы туған Шымкент тұрғыны, 1935 жылы туған Павлодар облысындағы азаматша, 1959 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны», - деп хабарлайды комиссия.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдаған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен көз жұмғандардың саны 44 адамға жетті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
