$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелден қаржы алған қазақстандық ұйымдардың тізімі жарияланды

Былтыр 27,2 млрд теңге шетелден алынған 

Шетелден қаржы алған қазақстандық ұйымдардың тізімі жарияланды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Мемлекеттік кірістер комитеті шетел қаржыландырған қазақстандық ұйымдардың тізімін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, 2023 – 2024 жылдары мәліметтерді ұсынған адамдар саны - 295, оның ішінде тұрақты түрде – 118 тұлға, мерзімді – 96, бір реттік – 81 тұлға.

2024 жылы шетелдік көздерден ақша және  мүлік алу туралы мәліметтерді 27,2 млрд теңге сомасына 218 тұлға ұсынды. Оның ішінде, 2024 жылғы 1 жартыжылдықта - 13,6 млрд теңгеге 192 адам, 2024 жылғы 2 жартыжылдықта - 13,6 млрд теңгеге 200 адам ұсынған.

«Бұл шара азаматтардың мемлекетке, үкіметтік емес ұйымдарға сенімін арттыруға бағытталған. Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша қаражаты туралы есептерді ұсыну туралы талаптар әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді», - делінген МКК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары