Түркістанда екі жігіт Telegram арқылы кәмелетке толмаған қыздардың ұятсыз видеоларын сатып отырған (ВИДЕО)
Полиция оларды ұстап, изоляторға қамаған
Қазақстанның ішкі істер министрлігі ел бойынша өткен «STOP-трафик» операциясының кейбір деректерін жария етті. Операция барысында адам саудасына қатысты 40 қылмысты анықталған екен. Олардың арасында кәмелет жасына толмаған қыз балаларға қатысты ауыр қылмыстар бар, деп жазады Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек, Қызылорданың екі азаматы Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған қыздардың порнографиялық видеоларын әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Түркістан облысының прокуратурасы екі азаматты ұстауға жәрдемдескен.
«Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 және 2006 жылы туған екі тұрғыны ұсталды. Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатып отырған», - деп хабарлады polisia.kz.
Бұдан өзге, Шымкентте 18 және 23 жас аралығындағы жас қыздарды бопсалай отырып, бірнеше жыл жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген төрт адам ұсталып, қамалған.
«Сондай-ақ Алматы қаласының полициясы «боди-массаж» салондарын ұйымдастырған жеті азаматшаны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», - деп хабарлайды дереккөз.