$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар полициясы алаяқтыққа қарсы күреске жұмыртқаны тартқан (ВИДЕО)

Олар азық-түліктің бетіне ақпарат парақтарын жабыстырған 

Павлодар полициясы алаяқтыққа қарсы күреске жұмыртқаны тартқан (ВИДЕО)
Фото: скрин

Полиция алаяқтарға алданбаудың жолын ерекше тәсілмен түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шарбақты ауданында киберполиция өкілдері ең көп өтетін азық-түліктің қаптамаларына ескерту парақшаларын жабыстырған. Мәселен, бір қорап жұмыртқа сатып алған адам, оның бетінде жазылған алаяқтарға алданбау жолдары туралы ақпаратты да оқиды.

«Полицейлер осындай өзекті мәселені ерекше жолмен түсіндіріп жатқанына алғысымызды білдіреміз. Қазіргі уақытта алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолдана отырып, өзгенің ақшасын иемдену үшін барлық амалдарға барады. Сондықтан өзімізді, қаражатымызды қорғау үшін аса сақ және мұқият болуымыз қажет», – деп алғысын білдірді Шарбақты ауылындағы дүкеннің сатушысы.

Павлодар облысында жыл басынан бері 1 006 алаяқтық әрекет әлеуметтік желілер арқылы жасалған.

Серіктес жаңалықтары