$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қайрат Нұртастың әйелі тағы да алаяқтарға алданып қалды

Ол былтыр алаяқтарға алданып үйінен айырылып қалғанын айтқан

Қайрат Нұртастың әйелі тағы да алаяқтарға алданып қалды
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзі тап болған тағы бір алаяқтық оқиғасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актрисаның айтуынша, қазір ол пәтерін жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Осыған байланысты екі жыл бұрын болған оқиғаны еске түсірген.

«Сол кезде жарнамасы кеңінен таралған бір компанияға сеніп, жиһазға тапсырыс беріп едім. Біз келісімшарт жасасып, мен жалпы соманың 70 пайызын алдын ала төледім. Алайда келісілген мерзімде жиһаз жеткізілген жоқ. Кейін олар мүлде байланысқа шықпай қойды. Ақырында мені бұғаттап, жоғалып кетті. Келісімшарттағы мекенжайдың жалған екені белгілі болды. Бұл мен үшін тағы бір ащы сабақ болды! Енді қандай да бір тапсырыс бермес бұрын бәрін мұқият тексеремін», – деді Жұлдыз.

Айта кетейік, өткен жылы да актриса осындай жағдайға тап болып, өзіне үй бермей алдаған компаниямен соттасуға мәжбүр болған. Ұзаққа созылған сот процестерінен кейін ол бастапқыда сол компания өкіліне рәсімделген пәтерді өз атына қайтарып алуға қол жеткізген.

Серіктес жаңалықтары