$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында екі адам жүргізушіге шабуыл жасап, көлігін тартып алды

Оқиға бойынша «Қарақшылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында екі адам жүргізушіге шабуыл жасап, көлігін тартып алды
Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 30 маусым күні кешкісін екі ер адам жеке жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасап, көлігін тартып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолда шабуылдап, көлігін айдап кеткен

«Сағат 20:30 шамасында Ақшұқыр ауылының шетінде күдіктілер жүргізуші қызметін пайдаланған. Жолда келе жатып, оған күш қолданып, қауіпсіздік белдігін мойнына қысып, ер адамды көліктен түсіріп, Hyundai Accent маркалы автокөлігін ашық түрде иемденіп кеткен», – делінген хабарламада.

Күдіктілер ізін суытпай ұсталды

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция күдіктілерді тез анықтап, ұстады. Екі ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша «Қарақшылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары