$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2025, 13:58
Қоғам

«Неге бәрі тырысып отыр»: Димаштың қарындасына сырға салған сәттің видеосы тарады

Димаш Құдайбергеннің анасы құдағилары мен құдаларын күліп қарсы алып жатыр

«Неге бәрі тырысып отыр»: Димаштың қарындасына сырға салған сәттің видеосы тарады
Фото: скриншот

Әлеуметтік желіде атақты әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салу сәті бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Видеода Раушанның анасы – Қазақстандағы танымал өнер иесі Светлана Айтбаева құдаларын күлімдеп қарсы алып тұрғанын көруге болады. Құшақ-құшақ гүл ұстаған құдағилар Светлана Айтбаевамен амандасып, төрге шығып жатыр.

Видеоның соңында Димаштың үйіндегі үлкен әжелерді де байқауға болады. Әлеуметтік желідегі халық Раушан Құдайберген өте текті жердің қызы екенін, сондықтан, құдалар бақытты екенін айтқан. Дегенмен, арасында олар үлкен құдағилардың көңілсіз отырғанын айтып, пікір жазған.

«Неге бәрі тырысып отыр?», «Текті жердің қызын алып жатырсыздар, қуаныңыздар!», «Құдағилардың түсі суықтай сияқты ма?», - деп жазған олар.

Димаш Құдайбергеннің қарындасы кімге тұрмысқа шығады?

Әншінің қарындасы желідегі парақшасында сырға салу рәсімінен түсірілген видео жариялады. Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі – Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театрының актері, әнші Ермахан Аймахан. Ал бүгін Димаш Құдайберген Сәкен Сейфуллиннің әніне арнап түсірген бейнебаянын жариялады. 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары