$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжілісте Саттар Имашевтің 100 жылдығына арналған конференция өтті

Қатысушылар Саттар Имашевтің саяси және тарихи мұрасын талқылап, естеліктер айтты 

Мәжілісте Саттар Имашевтің 100 жылдығына арналған конференция өтті
Фото: Azattyq Rýhy

2025 жылғы 16 мамырда Мәжілісте кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары, КПСС ОК мүшесі Саттар Имашевтің туғанына 100 жыл толуына арналған конференция өтті, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Іс-шараға әр жылдардағы Парламент депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, ғалымдар, сондай-ақ Саттар Имашевтің туыстары мен жақындары қатысты.

Конференция барысында қатысушылар Саттар Имашевтің саяси және тарихи мұрасын, оның мемлекеттік басқару ісіне, партиялық жүйенің қалыптасуына, заңнамалық негіздің құрылуына қосқан үлесін және қазіргі заман талаптары тұрғысындағы өзектілігін талқылады.

Саттар Имашев – көрнекті мемлекет және партия қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1925 жылы Атырау облысындегі Бірлік ауылында дүниеге келген.

Ол 1943-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, 99-гвардиялық әуе-десант дивизиясында взвод командирі ретінде соғысқа қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, ғылыми және партиялық қызметке араласты.

1965-1979 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, 1975-1979 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ал 1979-1984 жылдары Жоғарғы Кеңес Президиумының төрағасы қызметін атқарды. Сонымен қатар, ол КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасының орынбасары және КПСС ОК мүшесі болды.

Саттар Имашев Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені секілді жоғары мемлекеттік марапаттардың иегері болған. Оның есімі туған ауылындағы мектепке және Алматы қаласындағы көшеге берілген.

Серіктес жаңалықтары