14.03.2025, 17:54
Оқиғалар
БҚО-да күн күрт жылынды: үш ауданның айналасына қап төселіп жатыр (ВИДЕО)
Қазір төтенше жағдай министрлігінің әскери бөліміндегі қызметкерлер облыста жүр
Фото: скриншот
Батыс Қазақстан облысының үш ауданында қаптар төселіп, қар тазаланып жатыр. Облыста күн жылынып, су тасқыны қауіпі артқан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Бәйтерек, Сырым және Қаратөбе аудандарының айналасына қап төсеп жатыр.
«Осы уақытқа дейін өңірде 935 000 текше метрден астам қар тазаланды, 160 000 текше метрден аса су сорылды. Жалпы ауданы 3 900 шаршы метр учаскеде мұз қабаттары жасанды жолмен жарылды», - деп хабарлады ТЖМ.
Қазір құтқарушылар облыстағы өзен суларының деңгейін тәулік бойы бақылап отыр.
Көп оқылған
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
16.05.2026, 08:31
Конгода қауіпті вирус тарап жатыр: 65 адам көз жұмды
16.05.2026, 07:19
Қазақстанның бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін ыстық күтіледі
16.05.2026, 06:26
Алматы тау бөктерінде кәріз суының салдарынан көшкін жүрді
16.05.2026, 10:08
Алматы мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
16.05.2026, 12:56
ШҚО-да қолөнершілер екі бірдей әлемдік рекорд орнатты