$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдан Павлодарға бара жатқан жолаушылар бір джиптің кесірінен 16 минутқа кешікті (ВИДЕО)

Өз көлігін пойыздың жолына тастап кеткен жүргізуші оқиға орнына қашып кеткен

Алматыдан Павлодарға бара жатқан жолаушылар бір джиптің кесірінен 16 минутқа кешікті (ВИДЕО)
Фото: ҚТЖ

Кеше, 12 наурыз күні «Алматы-2-Павлодар» бағытындағы жолаушылар пойызы бір көліктің кесірінен шұғыл тоқтап, 16 минутқа кідіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы оқиғаның фото және видеосын ұсынып, оқиғаның мән-жайын баяндаған.

«12 наурызда сағат 15:46-да «Алматы-2–Павлодар» бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі темір жолының бойына шығып кетіп,  рельстерге қысылып қалған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Өтіп бара жатқан теміржолшылар көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарды, содан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Оқиға салдарынан пойыз 16 минутқа кідірді», - деп хабарлаған компания.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, былтыр теміржол бойында 26 жол апаты тіркелген екен.

Серіктес жаңалықтары