13.03.2025, 11:20
Оқиғалар
«Анамды 7 жыл бойы іздеп жүрмін» - шетелдіктер асырап алған қазақ қызының хаты жарияланды
Аяулым Төлепова 21 жаста
Фото: @uralsk_week
Америкалық қазақ қыз Қазақстаннан туған анасын іздеп жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Уральская неделья» басылымының желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Ая Блумер есімді бойжеткен АҚШ-тың Флорида штатында тұрады. 2007 жылы шетелдіктер оны Оралдың №2 балалар үйінен асырап алған.
«Мен 2004 жылы 2 мамырда тудым. Жақында 21 жасқа толамын. Қазақстан берген туу туралы куәлігімде менің шын атым - Төлепова Аяулым Нариманқызы деп жазылған. Мен әке-шешемнің атын білемін. Анамды 7 жыл бойы іздеп келемін», - деп жазылған қыздың хатында.
Айтуынша, әкесі туберкулез дертінен қайтыс болған. Ал Аяулымнан басқа 4 баласы бар анасы оны тастап кеткен көрінеді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)