$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су зауытын салғысы келген инвесторды сылтауға тойдырған Бурабай әкімдігі жазаланды

Мәселеге прокуратура араласып, инвестордың мәселесін шешкен

Су зауытын салғысы келген инвесторды сылтауға тойдырған Бурабай әкімдігі жазаланды
Фото: yandex.kz

Ақмола облысы Бурабай ауданының прокуратурасы өңір экономикасын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, кәсіпкердің құқығын қорғаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратура хабарлағандай, «Минеральные источники» ЖШС-ның директоры Бурабай ауданының прокуратурасы жүгінген. Өйткені, Бурабай ауданының әкімдігі оның бөтелкеге су құятын зауытына жер телімін жалға беруден бас тартқан. Ал, инвестиция құны – 5 млрд теңге.

«Инвестор жобасын Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіп, барлық қажетті рұқсат құжаттарын алып, жер учаскелерін беру үшін әкімдікке жүгінген. Алайда, бір айдан астам уақыт бойы жергілікті атқарушы органдар құжаттардың толық еместігіне сілтеме жасай отырып, учаскелерді беруден бас тартып келген. Прокуратура аудан әкімдігінің бұл шешімі негізсіз екенін анықтаған», - деп хабарлайды облыстық прокуратура.
 
Осылайша, аудан әкімдігі инвесторға жобаны іске асыру үшін ауданы 7 га құрайтын 2 учаскені жалға берген.

Серіктес жаңалықтары