$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Nestle» атын жамылып қолдан өнім жасап сатқандар ұсталды

Кінәлілерге 22 млн 138 мың теңге айыппұл салынған

«Nestle» атын жамылып қолдан өнім жасап сатқандар ұсталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Шымкент пен Алматыда «Nestle» тауар белгісіне құқықты бұзатын контрафактілік өнімнің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылдың 12 ақпанында Әділет департаментінің зияткерлік меншік бөлімінің қызметкерлері «Nestle» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.

«Тексеру қорытындысы бойынша барлық заңсыз өнім тәркіленіп, Әділет департаментінің қоймасына сақтауға орналастырылды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ол соттың қарауына жіберілді», - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.  

2024 жылы зияткерлік меншік құқығын бұзу бойынша 297 заңбұзушылық анықталып, «басқа біреудің тауар белгісін заңсыз пайдалану» бабы бойынша 283 іс қозғалған. Кінәлілерге 22 млн 138 мың 422 теңге айыппұл салынған.

2024 жылы заңсыз айналымнан жалпы сомасы 150 миллион теңгеге 400 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленіп алынды.

Серіктес жаңалықтары