$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайда бір әйелге ғашық болған 35 жігіт жылдар бойы ипотека төлейтін болды

Олардың бәрі әйелмен сайттар арқылы танысқан 

Қытайда бір әйелге ғашық болған 35 жігіт жылдар бойы ипотека төлейтін болды
Фото: freepik.com

Қытайда өзіне ғашық болған 35 ер адамға ипотека рәсімдеткен әйел ұсталды , деп хабарлайды  Azattyq Rýhy 

Жәбірленушілер оны өздерінің сүйіктісі деп санап, қарым-қатынасты заңдастыру үшін пәтер сатып алуға келіскен. Алайда, қарыз рәсімделгеннен кейін әйел із-түзсіз жоғалып кеткен.

Sina.cn басылымының хабарлауынша, өзін Лю Цзя деп таныстырған әйел ерлермен сайттар арқылы танысып отырған. Арада махаббат басталғанда әйел адам бірге тұратын үй керек деген сылтаумен әлгі жігіттердің бәріне ипотека рәсімдетіп, үй алып алған. Артынша, ізім-ғайым жоғалған. Бір қызығы, ол ер адамдардың бәріне өзі де үлес қосатынын айтып, алайда, құжат рәсімдер кезде әртүрлі сылтаумен кетіп қалған екен. 

Бұл схема бойынша кемінде 35 ер адам алданған. Тергеу барысында құқық қорғау органдары бұл алаяқтық схемаға құрылыс компаниялары мен жылжымайтын мүлік агенттерінің де қатысы бар болуы мүмкін деген болжам айтқан. 

Серіктес жаңалықтары