Илон Масктың кемесі ғарышқа ұшты
Ғарыш кемесі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 01.22-де әуеге көтерілді
Астронавт Даглас Херли мен Роберт Бенкен мінген америкалық Crew Dragon ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясы ұшты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Әлемге әйгілі өнертапқыш, миллиардер және инженер Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі ғарыш кемесі Флорида штатының ғарыш айлағынан ұшты.
Әуе кемесі халықаралық ғарыш айлағына қонғанға дейінгі көріністің бәрі NASА (аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма) сайтында тікелей эфирден көрсетіледі деп хабарланып отыр.
Бұл оқиғаны АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Майкл Пенс те тамашалайды деген мәлімет бар. Ғарыш кемесі ұшқаннан кейін 2 минут 36 секундтан соң, ракета тасымалдағыштың бірінші сатысы ажыраған.
SpaceX компаниясының әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерін небары жарты сағаттың ішінде миллиондаған адам тамашалап үлгерген.
Жалпы, Илон Макс шығарған ғарыш кемесінің мақсаты екі астронавт мінген ракетаны орбитаға шығару.