05.03.2025, 18:00
Оқиғалар
Астанада үйінің тоғын тексермей, бір бөлмесін жалға берген әйел 5 жылға сотталып кетті
Өйткені, өрт салдарынан үш адам бақилық болған
Фото: istockphoto.com
Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты есігінің алдындағы «времянканы» жалға берген әйелді бес жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың ақпаратына сүйенсек, азаматша үйінің бір бөлмесін жалға берген екен. Бөлме ішіндегі тоқ нашар болған, сондықтан, былтыр маусым айында диванға шоқ түсіп, өрт шыққан. Өрт салдарынан бір бала мен екі ересек қаза тапқан.
Сотта әйел өз кінәсін мойындаған әрі өкініш танытқан.
«Сот әйелдің шын жүректен өкінгенін, жәбірленуші тарапқа моральды шығын өтеп бергенін, өзінің де жас баласы бар екенін ескеріп, оны 5 жыл бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Астана соттары.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды