18.02.2025, 17:09
Оқиғалар
Оралдың үш полицейі қонақ үйдің терезесінен секірмек болған мас қызды құтқарып алды (ВИДЕО)
Тұрарбек Какимоллаев, Ержан Қонысбаев және Замир Ержігітовтер полиция патрулінде жұмыс істейді
Фото: скриншот
Оралдағы қонақ үйлердің бірінде ішімдікке масайған қыз терезеден секіре жаздаған. Абырой болғанда, оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оны құтқарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияға қоңырау түскен соң патрульде жүрген Тұрарбек Какимоллаев, Ержан Қонысбаев пен Замир Ержігітовтер оқиға орнына тез жеткен.
«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары терезе жақтауына шығып алып, секіруге оқталған қызды көрген. Полиция қызметкерлері бойжеткенді құтқарып, туыстарына тапсырған. Сараптама оның мас болғанын көрсеткен», - деп хабарлайды БҚО полициясы.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды