«Ақшаңызды алып береміз»: желіде Тасмағамбетовтің суреті бар күдікті ақпарат тарады
Ұйым бұл ақпараттың фейк екенін растап үлгерді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің суретін пайдаланған алаяқтар азаматтарға фейк ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар «брокерлерге алданған» азаматтарды іздеп, оларға «ақшаңызды өзіңізге алып береміз» деген жалған хабарландыру жазған. Ұйым өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында бұл мәлімдеменің фейк екенін растады.
«Алаяқтар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының атынан жалған ақпарат таратып жатыр. Олар «жаңа қызмет» түрін, яғни, «брокер алдаса, біз сіздерге ақшаларыңызды қайтаруға заңды түрде көмектесеміз» деген ақпарат таратып жатыр. Сақ болыңыздар», - деп жазған ұйымның ресми аккаунты.
Тарап жатқан фейк ақпаратта Ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің суреті тұр.