$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мен және менің командам теракт дайындап жатыр»: Екібастұз тұрғындарына қорқынышты хат келіп жатыр

Полиция бұл жалған ақпарат екенін айтып, халықты сабырға шақырды

«Мен және менің командам теракт дайындап жатыр»: Екібастұз тұрғындарына қорқынышты хат келіп жатыр
Фото: Павлодар облысының ПД

Екібастұз қаласының қоғамдық орындарында теракт болады деген жалған ақпарат әлеуметтік желі мен қала тұрғындарын үрейге бастырды. Облыстық полиция ақпараттың фейк екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен және менің командам бүгін, 18 ақпан күні Екібастұздың адам көп жиналатын орындарында теракт жасаймыз» деп басталатын қорқынышты хат желіде желдей ескен. Полиция ақпараттың фейк екенін растады, дегенмен, хатты дәл кімнің және қайда отырып жазғанын әлі анықтаған жоқ.

«Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат жалған, полиция қоғамдық орындарды тексеріп, күдікті құрылғыларды тапқан жоқ. Сонымен қатар, жалған ақпарат тарату фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция фейк иесін іздеп жатыр», - деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары