Бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен америкалық жұп Алматыда бала даулап, сотқа жүгінді
Шетелдік жұптың мәселесін Қазақстан соттары шеше алмайтын болып шыққан

АҚШ азаматы Қазақстанға кетіп қалған әйелі мен баласын кері қайтара алмай жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық соты бұрынғы шетелдік ерлі-зайыптылардың бала дауына қатысты ісін қарады. АҚШ азаматтары 4 жыл бұрын ажырасып кеткен, олардың 3 жасар баласы бар. Әйел баласын америкалық соттың келісімімен 2 аптаға Алматыға алып кетіп қалған. Ол белгіленген уақыт аяқталғанда АҚШ-қа қайтып, баланы әкесіне қайтару керек еді, алайда әйел оралмаған.
Ол ықтияр хатпен Қазақстанда тұрып жатыр. Әйел ұлының өзімен бірге тұратын жерін заңмен белгілеу үшін сотқа жүгініп, өз пайдасына шешкен. Баланың әкесі бұл шешімге шағымданған.
Алматы қалалық соты ер адамның шағымын қарап, баланың тұрғылықты жерін заңмен анықтау Қазақстанның құзіретіне кірмейтінін мәлімдеген. Бұл мәселені АҚШ соттары шешуге тиіс.