18.02.2025, 12:26
Оқиғалар
Меркіде біреудің тойбастарын ұрлап әкеткен 39 жастағы ер адамды полиция изоляторға қамады (ВИДЕО)
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған

Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті
Жамбыл облысының полициясы Меркі ауданында бір үйге кіріп, үй иесінің тойға дайындап отырған қазы-шұжығын, тойбастарын ұрлап әкеткен 39 жастағы азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, қолға түскен азамат аудан ішінде бірнеше рет ұрлық істеген.
«Мәселен, ол бір адамның үйінен алтын, ноутбук пен өзге де құнды заттарды алып кеткен. Ал басқа үйге кірген ол жылқының қазысын, тойға дайындап отырған тойбастарын ұрлып әкеткен», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.
Дереккөзге сүйенсек, азамат бұрын сотталған. Қазір оған қатысты қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалған. Күдікті тергеу изоляторында отыр.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
11.08.2025, 11:33
Перизат Қайрат пен анасы сот үкімінен кейін қатты күйзеліске түсіп кетті – адвокат
11.08.2025, 20:44
«Білгілеріңіз келе ме?": Тұрсынбек Қабатов шындықты неліктен қазір айтпайтынын түсіндірді
11.08.2025, 11:51
Бұршақ, дауыл, жаңбыр: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
11.08.2025, 06:47
Тойда Раушан Құдайбергенге берілген сыйлық оның күйеуінің таңданысын тудырды (ВИДЕО)
11.08.2025, 17:40
Бір үйдің екі баласы Тоқаевтың алдына қалай тап болды (ВИДЕО)