$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экшн-фильмнің кадрлары сияқты: қазақстандықтарға Армениядан қоңырау шалған қылмыстық топ қалай қолға түсті (ВИДЕО)

41 адамның арасында Сирия және Ливан елдерінің азаматтары да болған

Қазақстан ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Арменияның Тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасымен бірлесе отырып Ереванда бір топ адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар Ереванда алаяқтықпен айналысатын call-орталық ашып, Қазақстан мен Еуропаның азаматтарына қоңырау шалып отырған.

«Соның ішінде, олар қазақстандықтарға қоңырау шалып, ірі инвестициялық компанияларға ақша салуды ұсынған. Тінту кезінде 70-тен астам компьютерлік техника, шамамен бір килограмм алтын, 5 автокөлік, 30 мың АҚШ доллары, Ресей рубльдері, грузин лариі және криптовалюта әмияны тәркіленді», - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Арнайы операция кезінде Армения, Грузия, Иран, Сирия және Ливан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталған. Қазір армян тарапы Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында жалпы мән-жай, қосымша эпизодтар, басқа да күдіктілер, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына келген залал сомасы анықталады.

Серіктес жаңалықтары