$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 11:19
Оқиғалар

Алматы облысында апатты жағдайда қонған әскери ұшаққа қатысты тергеу аяқталды

Арнайы комиссия авиациялық жағдайға нақты қандай себеп болғанын айтты 

Алматы облысында апатты жағдайда қонған әскери ұшаққа қатысты тергеу аяқталды

4 мамырда әскери ұшақ Алматы облысы Жетіген ауылының әуежайына апатты жағдайда қонды. Бүгін Қорғаныс министрлігі апатты жағдайда қонған С-295 ұшағына қатысты тексеру аяқталғанын хабарлады. Тергеуді жауапты ведомствоның бұйрығымен ұшақты әзірлеуші компания Аirbus Military, сондай-ақ «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС өкілдерімен бірлесіп құрылған арнайы комиссия жүргізді.

«Тексеру қорытындысы бойынша комиссия авиациялық оқиғаның себебі шассидің алдыңғы тірегінің доңғалақтарын басқару жүйесінің техникалық ақауынан болды», - деді ҚР мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бастығы полковник Қайрат Баймаханов.

Шассидің алдыңғы тірегінің шықпай қалғанына қарамастан, экипаж ақауды жою үшін қажетті барлық жағдайды жасап, әскери ұшқыштардың дұрыс қимылының арқасында әуе кемесі Жетіген аэродромына сәтті қонған.

Экипаж құрамында 1700 сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар 1-сыныптағы ұшқыш әуе кемесінің командирі Жеңіс Зайнулдинов, капитан көмекшісі Абылай Ибраев, майор Кәрім Пахирдинов және прапорщик Игорь Карабец болды.

ҚР Қарулы күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы шешімімен, С-295 ұшағының экипажына мемлекеттік наградалар табыс етілді. Атап айтқанда, майор Жеңіс Зайнулдинов және капитан Аблай Ибраев II дәрежелі «Айбын» орденімен, майор Кәрім Пахирдинов және прапорщик Игорь Карабец – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары