Қарағанды облысында 49 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды
Қарағанды облысында 49 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша өткен тәулікте 49 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
«Атап айтсақ, Қарағанды қаласында – 32 адам, Теміртау қаласында – 6, Саран қаласында – 5, Жезқазған қаласында – 1, Шет ауданында 5 адамнан анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр», - делінген хабарламада.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
27 мамырдағы ахуал бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 754 адам тіркелген, оның 3-еуі қайтыс болып, 204 науқас жазылып шыққан.