$ 497.88  518.59  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жолаушыдан зәбір көрген такси жүргізушісін inDrive іздеп жатыр – компания тергеу жұмысына көмектеспек

Компания жүргізушіні қолдау қызметіне хабарласуға шақырды

Жолаушыдан зәбір көрген такси жүргізушісін inDrive іздеп жатыр – компания тергеу жұмысына көмектеспек
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында клиенті ұрып кеткен такси жүргізушісіне байланысты inDrive такси қызметі мәлімдеме жасады. Компания жүргізушіге қолдау көрсетіп, күдіктіні тергеу жұмыстарына көмексетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің компаниямыз зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды. Платформа пайдаланушылардың қауіпсіздігі – ең басты міндетіміз, сондықтан мұндай әрекеттерге мүлде жол берілмейді және аталған факт тіркелген жағдайлар болса, олар автоматты түрде қызметтен шеттетумен аяқталады.

Қазіргі уақытта аталған оқиға туралы inDrive қолдау қызметіне хабарлама түскен жоқ. Біз зардап шеккен жүргізушіні ішкі тергеу жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін, соның ішінде тәртіп бұзушының аккаунтын толық бұғаттауды қарастыра отырып, қолдау қызметіне хабарласуға шақырамыз.

inDrive тергеуге жәрдемдесу мақсатында құқық қорғау органдарының ресми сұрауына қажетті барлық ақпаратты ұсынуға дайын»,- деп хабарлады компания өкілі.

Еске салсақ, Ақмола облысында такси жүргізушісі жолаушыдан зәбір көрді. InDriver такси қызметінің жүргізушісі жолаушыдан көлік ішінде темекі тартпауын сұраған. Бірақ жолаушы оған агрессивті реакция білдіріп, сөзге келген. Жүргізуші жағдайды ушықтырмау үшін автокөлікті тоқтатып, жолаушыдан түсуін сұраған. Алайда, ол түсудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап, соққыға жыққан.

Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы анықталды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары