$ 497.88  518.59  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да сүт шығаратын фермер мемлекеттен заңсыз алған 50 млн теңге субсидияға қымбат көлік сатып алған

Ол екі айға қамалды

СҚО-да сүт шығаратын фермер мемлекеттен заңсыз алған 50 млн теңге субсидияға қымбат көлік сатып алған
Фото: istockphoto.com

СҚО-да ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы жалған құжат жасатып, сүт өндірісін дамыту үшін мемлекеттен бөлген 50 млн теңге субсидияны қалтасына басқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, ол 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжат жасаған.

«Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген. Қаржылық тергеу анықтағандай, ол осы субсидияға «TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150» маркалы көлік сатып алып, оны жақынының атына рәсімдеп қойған», - деп хабарлайды.

Сот оған қарамастан көлікке арест салып, күдіктіні 2 айға қамады.

 

 

Серіктес жаңалықтары