$ 501.81  541.5  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазаққа сіңіп кетсе, неліктен ойнатпаймыз – ұлттық құраманың жаңа бас бапкері легионерлер туралы

Жақында Әлиев атышулы Черчесовтың орнын ауыстырған

Қазаққа сіңіп кетсе, неліктен ойнатпаймыз – ұлттық құраманың жаңа бас бапкері легионерлер туралы
Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев легионерлер туралы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша, төленетін жалақыға ғана қызықпай, қазақ футболын аяққа тұрғызамын деген ақ ниетпен келген шетелдік ойыншыны өзекке теппеу керек.

«Егер адам белгілі бір уақыт осында тұрса, нағыз дала қазағына айналса, Қазақстан футболына шын көмектескісі келсе, неге мүмкіндік бермеске? Футзалда өз адамымымызға айналып кеткен бразилиялықтар осыған дәлел. Бірақ бізге тек ойнап кететін адам емес, сапа көрсететін адам керек», - деді Әлиев.

 Айта кетейік, 2025 жылы 31 қаңтарда Әли Әлиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына Станислав Черчесовтың орнына сайланды.

Серіктес жаңалықтары