АҚШ пен Израиль басшылары Газаның тағдырын талқылайды
Израильдің премьер-министрі АҚШ-та бірнеше дауазымды тұлғамен кездеспек

Ақ үйде Америка президенті Дональд Трамп пен Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ресми кездесу өткізеді. Екі көшбасшы Газа мен Иранның болашағын талқыламақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ВВС-ге сілтеме жасап.
Көптеген сарапшылар Трамп президенттікке келгелі әлемдік көшбасшылар ішінде Нетаньяхуды ең алғашқыларының бірі етіп шақыруының мәні бар деп жатыр.
Израиль үкімет басшысы Трамппен ғана емес, оның әкімшілігінің жоғары лауазымды адамдарымен және АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жаңа арнайы елшісі Стив Уиткофпен кездеседі.
«Бұл Израиль мен Америка Құрама Штаттары арасындағы тығыз байланысты және ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын маңызды кездесу»,-деп жазды әлеуметтік желіде Израильдің БҰҰ-ғы елшісі Дэнни Данон.
Биньямин Нетаньяхудың АҚШ-қа кетер алдында жиынның мазмұны туралы айтқан.
«Израиль мен біздің аймақтың алдында тұрған маңызды мәселелерді талқылаймыз: ХАМАС-ты толықтай жеңу, тұтқындардың бәрін қайтару және Ираннан келетін қауіпке қарсы тұру»,- деді ол.
Айта кетсек, Израиль мен ХАМАС қазір Газа секторындағы соғысты тоқтатып, тұтқын алмасып жатыр. Тараптардың Катардағы мәмілесі бойынша бірінші кезең тыныш аяқталса, 16-күні екінші кезең басталып, бітімгершілік келісімі бейбітшілік келісіміне ауысады.