04.02.2025, 13:08
Оқиғалар
Астанада спорт кешенінде жаттығып жүрген полиция қызметкері көз жұмды
Ол жүрек талмасынан тіл тартпай кеткен
Фото: Azattyq Ruhy
Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде жаттығу кезінде 1983 жылы туған полиция қызметкері өзін жайсыз сезініп, артынан көз жұмғаны әлеуметтік желіде таралған еді. Астана қаласының полиция департаменті аталған деректі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүрек талмасынан полиция қызметкері Мелдебеков Қасымхан Омарғазыұлы қайтыс болған.
Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Алдын ала анықталғандай, полиция қызметкері жаттығудан кейін залдың шығаберісінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына дереу жетсе де, оның өмірін құтқарып қала алмаған. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша, өлімге миокард инфаркті әкеп соққан», - делінген полиция хабарламасында.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды