26.05.2020, 01:28
Оқиғалар
Қазақстанда жыл басынан бері 50-ге жуық адам суға кеткен
Олардың 16-сы - балалар
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда жыл басынан бері 48 адам суға кетті. Олардың 16-сы - балалар. Бұл туралы арнайы брифингте Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өткен жылы шомылу маусымында 268 адам суға батып кетті. Оның шамамен үштен бір бөлігі – балалар. Мәселен, өткен аптаның өзінде елімізде 10 адам суға батса, оның үшеуі бала. Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе мен Түркістан облыстарында көрсеткіш жоғары», - деді Беккер.
Айта кетерлігі, елімізде 100-ден астам қалалық және 500-ге жуық жеке жағажай бар. Ал, суға түсуге тыйым салынған орындар саны 2 мыңнан асады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
