$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 00:58
Оқиғалар

Ақтауда бір жасар бала терезеден құлап кеткен

Маңғыстау облысында соңғы екі аптада үш бала терезеден құлаған

Ақтауда бір жасар бала терезеден құлап кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бір жасар бала миы шайқалып, сүйегі сынып, Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Реаниматолог және нейрохирург сәбиді қарап, шұғыл түрде ауруханаға жатқызған. Сонымен қатар демалыс күні бес жасар бала төртінші қабаттан құлаған. Қазір оның жағдайы ауыр. Ол тыныс алу аппаратына қосылған. Бұған дейін тағы бір бес жасар бала екінші қабаттан құлап, медициналық көмекке жүгінген болатын», - деп жазылған хабарламада.

Осылайша облыста соңғы екі аптада үш бала терезеден құлаған. Дәрігерлер ата-аналарға баласына мұқият қарап, терезені ашып қоюға болмайтынын еске салады.

Серіктес жаңалықтары