$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шал ақын ауданында жер үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

Ашық дереккөздерге сүйенсек, балалардың анасы осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған

Шал ақын ауданында жер үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жер үй өртеніп, оқиға орнынан бес адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, өрттен кәмелет жасына толмаған үш бала және 18 жастағы бір қыз, сондай-ақ олардың әкелері мерт болған. 

«Түнде 112 пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылындағы жер үйлердің бірі өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен отқа оранып, үйдің төбесі ортасына түскен. Өртті сөндірген құтқарушылар екі адам мен үш баланың мәйітін тапты», - деп хабарлайды СҚО төтенше жағдайлар департаменті. 

Ал, біздің редакцияға ақпарат берген СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен 1984 жылғы әкесі, 2006 жылы туған қызы мен кәмелет жасына толмаған екі қызы мен бір кішкентай ұлы қаза тапқанын растады. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #өрт