$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Анасы түрмеден шыққан ұлын улап өлтіргісі келген – ол 9 жылға сотталып кетті

Дәрігерлер ауруханаға түскен ер адамды екі рет құтқарып қалған

Анасы түрмеден шыққан ұлын улап өлтіргісі келген – ол 9 жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com

Ресейде анасы түрмеден шыққан ұлын улап өлтіргісі келген. Іске ер адамның әпкесі де тартылған. Ұзақ уақыт бойы ер адамның ішімдігіне у қосып берген екі әйел де сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  MASH телеграмм арнасына сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, ер адам түрмеден шыққан соң жақындарына маза бермеген. Сондықтан, анасы мен әпкесі оның тезірек өлім құшқанын қалаған.

Арам ойларын іске асырғысы келген олар ішімдікке улы дәрі-дәрмек қосып беріп, ұйықтап жатқан ер адамның аузына құйған. Бірінші рет ауруханаға түскен кезде дәрігерлер күдікті ештеңе байқамай, ер адамның асқазанын тазалап берген. Алайда, екінші рет уланып ауруханаға түскен оның қанына талдау жасаған дәрігерлер сұмдық жайтқа куә болған.

Дәрігерлер полиция шақырып, күдікті ретінде анасы мен қызы тергелген. Олардың кінәсі дәлелденіп, екеуі де тоғыз жылға сотталып кеткен.

Серіктес жаңалықтары