23.01.2025, 15:30
Оқиғалар
Түнгі клубтың жанында мас әскери қызметкер полицейдің ішінен ұрып жіберген
Оған полицияның ескерту бергені ұнамаған
Фото: istockphoto.com
Елордадағы түнгі клубтың жанында әскери лейтенант полиция қызметкерін ұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі телеграм арнаға сілтеме жасап.
1987 жылы туған ҚР МКК «Айбын» полкінің 0112 әскери бөлімінде жұмыс істейтін лейтенант полиция қызметкерін ұрды. Оқиға Астанадағы «Амазон» түнгі клубының жанында болған. Қолына алкогольді сусын ұстаған ер адам полицияның ескертуіне ашуланып, балағаттап, құқық қорғау органының қызметкерін жұдырықпен қойып қалған.
Содан кейін ол наркологиялық диспансерге жеткізілді. Оның масаң күйде болғаны анықталды.
Қазір лейтенант уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚК 378 және 380-баптары бойынша іс қозғалды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды