Атырау полициясы тоқтатқан жүргізуші бір сағаттан кейін екі адамның өліміне себеп болды (ВИДЕО)
Жол апаты Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында тіркелген
Атырау облысындағы Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында жан түршігерлік жол апаты болды: автобус жүргізушісі жеңіл көлікке соқтығысып, жеңіл көліктегі екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең маңыздысы, жергілікті полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жол полициясы автобус жүргізушісін тоқтатып, жол тағайнақ екенін ескерткен. Бірақ, автобус жүргізушісі ескертуге жөнді мән бермей, сапарын жалғастыра берген.
«15 қаңтар күні сағат 14:00-де полицейлер жүргізушілерге жолдың тайғақ екенін ескерткен. Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 53 шақырымында автобус пен Chevrolet Cobalt автокөліктері соқтығысып, салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлайды Атырау облысының полициясы.