$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Баласына есірткі беріп, өтірік ауру қылған әйел оған көмек ретінде 19 млн теңге жинап алған

Бір жастағы баланы есірткімен улаған әйел 19 млн теңге жинап алған

Баласына есірткі беріп, өтірік ауру қылған әйел оған көмек ретінде 19 млн теңге жинап алған
Фото: istockphoto.com

Австралиялық әйел туған баласын әдейі улап, ауру етіп көрсетіп, көпшіліктің аяушылығын туғызып, әлеуметтік желі арқылы қайырымдылыққа ақша жинаған. Сонымен қатар сәбиін пайдаланып, парақшасында оқырмандарын көбейтуді мақсат еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ВВС-ге сілтеме жасап. 

Квинсленд тұрғыны баласының айықпас дертке шалдыққанын айтқан және әлеуметтік желіде сыртқатпен күресіп жүргенін айтып, баласының видеосын салып отырған. Ал тергеушілердің сөзінше, әйел бір жасар сәбиіне есірткі беріп, қинап, «науқасты» видеоға түсіріп келген. Қазан айында бала ауруханаға түскен. Оның денсаулық жағдайын көрген дәрігерлер жағасын ұстаған. Бірнеше ай бойы тергеу жүргізілген. Тергеушілер 34 жастағы әйелді «қинау, у беру», «балаларды пайлануға арналған материалдар жасау» және «алаяқтық» баптары бойынша айыптап отыр.

«Сөз жоқ, мұндай жиіркенішті қылмысты айтып жеткізу мүмкін емес», - дейді полицей Пол Далтон.

Тергеушілердің айтуынша, Саншайн-Кост ауданында тұратын әйел 3 ай бойы баласына дәрігерлердің нұсқауынсыз дәрілер берген. Әйел тыйым салынған дәрілерді сатып алу үшін және ізін жасыру үшін көптеген әрекетке барған.

Полиция 15 қазанда бала ауруханаға түскен кезден бастап тергеу жүргізе бастаған. Сәби «ауыр эмоционалды және физикалық азап» көрген. Оның организмінен тыйым салынған препараттар анықталған.

Пол Далтонның сөзінше, әйел баласын пайдалану арқылы халықтан 37 300 АҚШ долларын жинап алған. Жұма күні туған баласын қинаған әйелдің соты болады.

Серіктес жаңалықтары