Ішкі істер министрі 2025 жылы қай бағытта жұмыс істейтінін жария етті
Сәденов осы жылды «профилактика жылы» деп жариялады

Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізген Ержан Сәденов полиция үшін 2025 жыл қандай болатынын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сәденов кеңейтілген алқа отырысына қатысқан әріптестерін жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жолын кесіп, жергілікті жерлерде тәртіп сақтауға шақырды.
«2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялаймын. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеймін. Заң мен Тәртіпті нығайту мақсатында біз қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаймыз», - деді Сәденов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, былтыр Қазақстанда ауыр қылмыстардың саны азайған.