Қытайда көбейген метапневмовирус Қазақстанда отыз адамнан табылған – оның нақты емі жоқ болып шықты
Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ жазып жатқан метапневмовирустың таралуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның дәрігерлері метапневмовирус көп елде ондаған жылдар бойы таралып келе жатқан вирустардың бірі дейді. Тұмау өрши бастаған кезден бері республика бойынша 1866 адамнан тұмауға жатпайтын вирус табылған.
«Оның ішінде паратұмау – 178, РС вирусы – 433, метапневмовирус – 30, риновирус – 680, бокавирус – 113, аденовирус – 226, коронавирус – 206 адамнан табылды», - деп хабарлайды министрлік.
Құзырлы органның мәліметіне сенсек, метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және кейде тұрмыстық байланыс арқылы жұғады.
«Инфекцияның негізгі белгілері – адам жөтеледі, мұрыннан су ағады, ентігіп, бас ауырады. Оның нақты емі жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады», - деп хабарлайды ДСМ.