$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халық екіге бөлінді: Оңтүстік Кореяда 35 мыңнан астам адам көшеге шықты

Екі адамды полиция ұстап алып кеткен 

Халық екіге бөлінді: Оңтүстік Кореяда 35 мыңнан астам адам көшеге шықты
Фото: yna.co

Сеулде қызметінен шеттетілген Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Елдің жақтастары мен оны қамауға алуды талап еткендер митингке шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Импичмент жарияланған президентті жақтаушылар саны 35 мыңға жеткен. Олар өткен сенбіде Кванхвамун алаңында жиналып, кейін мемлекет басшысын қамауға алуды талап еткендерге қарсы шығу үшін Ханнамдон көшесіне қарай ойысқан. Олардан бар-жоғы 400 метр қашықтықта Корея кәсіподақтар конфедерациясы Юнды соттауды талап етіп, лозунгтар көтеріп тұрды. Конфедерация мүшелері президенттің резиденциясына қарай жүрді, оларды полиция бөгеді. Екі адам полицияға шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды. Наразылық білдірушілер көшені жауып, сол маңайдағы көлік қозғалысын тоқтатты.

Өткен желтоқсан айында Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жариялап, саяси жағдайды ушықтырған мемлекет басшысына импичмент жарияланған еді. Жұма күні жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы (CIO) Юнды қамауға алуға тырысты. Бірақ президенттің қауіпсіздік қызметі қасарысып тұрып алған.

«Бүлік жасамақ болды», «мемлекетке сатқындық жасады» деген күдікке ілінген Юн тергеуге қайта-қайта шақырту алса да, бармай қойған. Содан кейін Сеул Соты оны тұтқындауға ордер берген еді. Бірақ оның жақтастары экс-президенттің жазықсыз екенін алға тартып, әділдік талап етіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары