05.01.2025, 12:24
Оқиғалар
Боран кезінде тас жолға шыға алмаған халық жаппай пойызға мінген
Демалыс күндері 700-ден астам адам үйіне пойызбен оралған
Фото: Жолаушылар тасымалы
Демалыс күндері ауа райы мінез танытқан солтүстік және орталық өңірлерде 700-ден астам адам көліктерін тастап, пойызға мінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, Сарыбель, Макинка, Елтай, Ақкөл, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай станцияларында бас-аяғы 700-ден астам адам пойызға мінген.
«Компания жолда қалған адамдарды пойызбен әлі де тасып жатыр», - деп хабарлайды компания.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтар күні Астана-Петропавл тас жолында 100-ге жуық көлік соқтығысқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер Астана-Бурабай арасында 7 сағат жол жүрген.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды