26.12.2024, 15:00
Оқиғалар
Қазақ-өзбек шекарасында 450 метрлік қауіпті туннель болған
Бұл туннель арқылы бір топ адам күніне 5-7 тонна бензин ұрлаған
Фото: Түркістан облысының прокуратурасы
Қазақ-өзбек шекарасында екі ай бойы 450 метрлік туннель «жұмыс істеген». Күдікті азаматтар осы туннель арқылы күніне 5-7 тонна бензин тасып тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл туннельді қазған адамдардың арасында Қазақстанның да, Өзбекстанның да азаматтары бар.
«Арнайы операция кезінде екі елден де күдіктілер ұсталды. Олар екі ай бойы осы туннель арқылы күніне 5-7 тонна бензинді ұрлап отырған», - деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.
Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 16:05
ТЖМ тікұшағы нәрестені Қызылордаға жеткізді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды