17.11.2024, 20:42
Оқиғалар
Қостанай облысында атасы мен үш немересі ыс тиіп көз жұмды
Оның үшеуі - бала
Фото: depositphotos.com
Қайғылы оқиға бүгін, 17 қараша күні, шамамен сағат 13:00-де Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіне қарасты Қарынсалды ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tobolinfo сайтына сілтеме жасап.
Көмірқышқыл газынан улану салдарынан төрт адам, соның ішінде 2021, 2022 және 2016 жылы туған балалар мен 1957 жылы туған атасы қайтыс болды.
Отбасының әкесі, анасы және 2020 жылы туған баласы Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, бұл отбасы аз қамтылған, әлеуметтік жағынан осал топқа жатады. Отбасының басшысы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
