17.11.2024, 08:04
Оқиғалар
Жетісу облысында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Жетісу облысы Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылында жантүршігерлік жол апаты болып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, МТЗ-80 тракторы Volkswagen Passat жеңіл көлігімен соқтығысқан.
«Инерция салдарынан артынша үшінші көлік келіп соқтығысқан. Жол апатының салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлайды полиция.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
