$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2020, 14:54
Оқиғалар

Павлодар облысында екі адам суға батып кетті

Суға батқан 2 азаматтың заттарын тінту кезінде спирттік ішімдіктер табылды

Павлодар облысында екі адам суға батып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында суға шомылу маусымы ресми ашылғанға дейін екі жазатайым оқиға тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

«Павлодар облысында суға шомылуға әлі ерте екендігі туралы бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, маусым басталғанша екі жазатайым оқиға тіркелді. 17 мамыр күні сағат 10:55-те орталық жағажайда суға түсу кезінде 1964 ж. т. Ер адам суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Қаза тапқан адамның заттарын қарау кезінде жартылай ішілген шарап бөтелкесі табылды. Оқиға орнында болған адамдар суға батып кеткен адамды жағаға шығарып, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған», - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ 17 мамыр күні сағат 18.20-да Ертіс ауданы тұрғындарының біріне оның ұлынан Ертіс өзенінің жайылмасында шомылып жатып, суға батқан адамды көргені туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адам Ертіс өзенінің су басқан алқабында шомылғандығын анықтады. Бүгін оқиға орнына облыс орталығынан арнайы сүңгуірлер тобы келіп, сағат 12:32-де ер адамның мәйітін судан алып шықты. Суға батып кеткен ер адам 1975 жылы туған Ертіс ауылының тұрғыны болып шықты. Суға батқан адамның заттарын тінту кезінде спирттік ішімдіктер табылды», - деді департамент басшысы.

Самат Асайынов облыс тұрғындарына тыйым салынған жерлерде және мас күйде шому қауіпті екенін ескертті. Айтуынша, шомылу маусымы ресми түрде барлық коммуналдық және жеке жағажайлар дайын болғанда ғана басталады.

Серіктес жаңалықтары