$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2020, 11:10
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған дүкендер мен кафелер жабылды

Аталмыш нысандар қатаң санитарлық нормаларды сақтамайынша қайта ашылмайды

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған дүкендер мен кафелер жабылды
фото: astana.restolife.kz

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысандар жабылды: құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар және т.б. Бұл туралы Елорда әкімдігі хабарлады.

«Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше, нысандар қайта ашылмайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылды. Мұндай шара коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.

«Коронавирустан жазылғандар үшін індет мүлде қауіпсіз деуге болмайды. Инфекция өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар өкпеде ұлпаның фиброзы түрінде ошақтар пайда болады – тыныс алу жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп бере алмайды. Өкпе қызметі әлсірейді. Ауырғандарда бірер жылдан кейін қандай асқынулар туындауы мүмкін екені әлі белгісіз», - делінген.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарауға болмайды.

«Адамдар босаңсымауы, маска тағу режимін қатаң сақтауы керек. Егер санитарлық норма сақталмаса, қала тағы да қатаң карантин ережелеріне қайта оралады. Қалыпты өмірге тезірек оралу өзімізге байланысты», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары