Алматыда белгісіз біреу ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен

Azattyq Rýhy

Полиция күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады

Алматыда белгісіз біреу ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алматыда бүгін, 27 қазанда екі ер адам арасында жанжал болып, соңы пышақтасумен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Желідегі мәліметке сенсек, оқиға Алмагүл ауданындағы Дунаевский көшесінде орналасқан 22/2 үйдің жанында болған.

 Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға куәгерлері болжамды шабуылдаушының оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД пікір білдірді.

«Бостандық аудандық полиция басқармасында дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бейтаныс адамдар арасында жанжал болған. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.