Атырауда сауда орталығынан өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды

Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Атырауда сауда орталығынан өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды
Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Атырауда сауда орталығынан өрт шығып, құтқарушылар 80 адамды эвакуациялады. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, өрт туралы бүгін, 27 қазанда сағат 18:37 шамасында шақырту түскен. 

«Департаменттің өрт сөндірушілері Атырау қаласындағы сауда-ойын сауық кешеніндегі өртке байланысты оқиға орнына жедел жетті. Қазір сауда орталығының ғимаратынан 80 адамды, оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнында штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар депаратментінен 90 құтқарушы, 12 техника тартылған. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.