23.10.2024, 17:50
Оқиғалар
Бұқтырма көпірін Даниал Ахметовтың ұлы салды ма – министр жауап берді
Бұқтырма көпірін салуға 60 млрд теңге жұмсалған
Фото: Үкімет
Көлік министрі Марат Қарабаев таяуда Шығыс Қазақстан облысында ашылған Бұқтырма су қоймасының үстінен өтетін ұзын көпірді қай мердігердің салғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, ШҚО тұрғындарының 60 жыл армандаған көпірін «ОблШығысЖол» ЖШС салып берген.
«Оған Ахметовтар отбасының қатысы бар ма?» деген сауалға «мердігер компанияның сіз айтып отырған тұлғаға еш қатысы жоқ. Оған да, оның ұлына да», - деді министр.
Еске салсақ, 21 қазанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір пайдалануға беріліп, оның ашылуына премьер-министр Олжас Бектенов қатысқан.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді