20.10.2024, 11:53
Оқиғалар
Қарағанды облысында болған өрттен үш бала құтқарылды
Қала көшелерінің бірінде тұрмыстық құрылыс пен қоршау өртенген
Фото: © istockphoto.com
Қарағанды облысы Саран қаласында болған өрт кезінде үш бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін таңертең Саран қаласының Цымлянская көшесінде тұрмыстық құрылыс пен қоршау өртенген. Өрт сөндірушілер үйден үш баланы қауіпсіз жерге шығарды.
«Өрт орнынан үш газ баллоны шығарылды. Өрт 40 шаршы метр аумақта сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді