20.10.2024, 18:11
Оқиғалар
Алматы орталығында бір қабатты мейрамхана өртенді
Өрт сөндірушілер үш оттегі баллонын алып шықты
Фото: ҚР ТЖМ
Алматы қаласының орталығында орналасқан бір қабатты мейрамхана өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, өрт Мақатаев көшесіндегі мейрамханада болған.
«Өрт толықтай сөндірілді, жалпы көлемі 280 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер үш оттегі баллонын алып шықты», – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттен ешкім зардап шекпегенін растады.
Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат бойынша, өрт Kunjut мейрамханасында болған.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді